$ 444.32  473.33  4.76

Ақмола облысында ерлі-зайыптылар газдан уланып, көз жұмды

Үй қожайындарының денесі әртүрлі бөлмеден табылған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақмола облысының Жалтыр ауылында ерлі-зайыптылар өз үйінен өлі күйінде табылды. Бірінші болып марқұмдардың көршілері дабыл қаққан. Бұл туралы Астрахан облысының әкімдігі хабарлады.

Белгілі болғандай қос пәтерлі үйдің тұрғындары көршілерінің үйінен қозғалыс белгісі байқалмайтынын және пештен түтін шықпай жатқанын байқаған.

Сөйтіп, оқиға орнына ауыл әкімдігінің қызметкерлері, полиция және марқұмдардың ұлы шақырылған. Пәтердің есігі ішкі жағынан жабық болған, терезеден кіруге тура келген. Үй қожайындарының денесі әртүрлі бөлмеден табылған.

Астрахан облысының әкімдігінде атап өткендей, алдын-ала мәліметтер бойынша, 68 және 62 жастағы ерлі-зайыптылардың өлімі иісті газдан уланудан болған. Ерлі-зайыптылардың жалғыз ұлы бар. Ол да ата-анасының қайтыс болғанын екі күннен кейін білген. Ауыл әкімдігі жерлеу рәсіміне қолдан келгенше көмек көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары