Жаңалықтар 15.03.2021 сағат 19:22

«Димаштың бірде-бір хит әні жоқ» - Әли Оқапов (ВИДЕО)

Ол енді ақиқат, шындық.
«Димаштың бірде-бір хит әні жоқ» - Әли Оқапов (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Әли Оқапов Димаш Құдайбергенов туралы пікірін білдірді. Әншінің қысқа сұхбаты zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz, oinet.kz-ке сілтеме жасап.

"Димаш дегенде біз біріншіден Димаштың өзін және оның даусын көз алдымызға аламыз. Ал Димашта осындай ән дейтіндей, өкінішке орай, бірде-бір ән шықпаған. Ол енді ақиқат, шындық. Бірнеше әндері барын білемін. Қаншама концерттер бергенін де білемін. Біріншіден, Димаш - әлемдік ән каверларын орындаудан өз тыңдармандарын тауып алған немесе жаулап алған әнші. Менің ойымша, әрбір әншіге хит керек", - деді Әли Оқапов.

Бұл ретте оның Димаш туралы ойына көпшілік қарсы пікірді қарша боратты.

"Саған қарағанда, едәуір жақсы. Дым даусы жоқ өзіңе қарап ал", "Димаш - нағыз хит", "Саған Димашқа жету қайда?! Димаштың әнінің бәрі хит", "Осындай әншімен біз мақтануымыз керек", "Оның айтылған әндерінің барлығы хит қой", "Ал Әли ренжімесін, бірақ бір әні де есіме түспеді. Тыңдамаймын, сондықтан шығар, әндерін білмейтінім", "Сенің де хит әнің, ұйып тыңдайтын әнің жоқ, ал Димаштың дауысы керемет" деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар