$ 445.66  474.58  4.78

Төрт жыл бұрын балконнан құлаған қызды құтқарған ер адам өмірден өтті

2016 жылы 63 жастағы Николай Панюшкин Көкшетауда 5 жасар қыздың үйдің бесінші қабатының балконынан құлап жатқанын көрді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Көкшетауда Николай Панюшкин қайтыс болды. Ол төрт жыл бұрын балконнан құлаған қызды ұстап қалып, омыртқасын зақымдаған. Батырдың жақыныТамара Иванчукова оның қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Соңғы бір айда Николай Панюшкин ауруханада жатты. Жүрегі шыдамады. Денеде су жиналып, ол тыныс ала алмай қалды. Дәрігерлер денедегі суды айдады, ісінуі басылғанымен, өкпесінде су қалыпты. Нәтижесінде оттегі жеткіліксіз болып, гемоглобині түсіп кетті", - дейді ол.

Николай Панюшкин 15 наурыз күні кешке жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

"12 наурыз, жұма күні Николай ауруханадан шығарылды, бірақ кешке ол өзін жаман сезіген. Мен үш рет жедел жәрдем шақырдым, жексенбі, 14 наурызда оны қайтадан ауруханаға жеткіздік. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысты. Алайда мүмкін болмады", - деп толықтырды Тамара Иванчукова.

2016 жылы 63 жастағы Николай Панюшкин Көкшетауда 5 жасар қыздың үйдің бесінші қабатының балконынан құлап жатқанын көрді. Соңғы сәтте ол жүгіріп келіп, баланы ұшып бара жатқан жерінен ұстап үлгерді, бірақ сонымен бірге ол басын қатты ұрып, омыртқасын жарақаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары