Жаңалықтар 16.03.2021 сағат 15:40

«Жұмабектің бажасы» жазаланды

Сонымен қатар, Жұмабек Төлеген тәртіптік комиссияның шешімімен лауазымынан босатылды.
«Жұмабектің бажасы» жазаланды
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы көшелердің бірінде қарсы бағытпен жүріп, қауіпті жағдай туғызып қана қоймай, жол полицейлерінен «Жұмабектің бажасымын» деген сөзбен құтылып кеткен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен аптада әлеуметтік желілерге «Шәуілдір біздікі» деген атпен бейнежазба тараған болатын. Онда ішімдік ішкен жүргізуші мен жолаушылары Шәуілдір ауылындағы көшелердің бірінде қарсы бағытпен жүріп, қауіпті жағдай туғызған. Оларды жол полицейлері тоқтатып, құжаттарын талап еткенімен тәртіп бұзғандар

«Жұмабектің бажасымын» деген бір ауыз сөзбен құтылып кеткен болатын. Полицейлер кейіннен «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісін тауып, оны екі бірдей баппен әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал, бүгін оның бажасы деп айтқан туысы, әрі Отырар аудандық Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Жұмабек Төлеген тәртіптік комиссияның шешімімен лауазымынан босатылғаны хабарланды.

«ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің тармақшаларын және полиция станлартын бұзғаны үшін тәптіптік комиссияның шешімімен Отырар аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Жұмабек Төлеген өз лауазымынан босатылды. Ал жүргізушіге толтырылған хаттамалар қазіргі таңда сотқа жолданды. Сот жүргізушіні заңға сәйкес жарты жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін», - дейді Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар