$ 495.2  522.34  4.94

Сенат сот реформаларын заңнамалық қолдауды қамтамасыз етеді

Соңғы жылдары сот ісін жүргізу мен сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жүйелі шаралар қабылданды.

Бүгін Сенатта сот жүйесі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысына Жоғарғы соттың басшылығы мен судьялары да қатысты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабардайды. 

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы салада жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі басымдықтарын белгілеген болатын. Депутаттардың заң шығару бастамаларының негізі сол басымдықтардан бастау алады.

«Сот жүйесін реформалауды тиімді жүргізу мақсатында Парламент сот құрылысын жаңғыртуға, сот төрелігінің ашықтығы мен айқындығын, сот істерін қараудың тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған бірқатар заңдар қабылдады. Бүгінгі шара сот жүйесін реформалауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету және Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді шешудегі Сенат жүргізіп жатқан жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады», - деп атап өтті комитет төрағасы Владимир Волков.

Отырыста Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өз пікірімен бөлісті. Ол қазір еліміздің сот жүйесінде халық сенімін арттыруға және азаматтардың сот төрелігіне, сондай-ақ құқық үстемдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған басым жобаларды іске асыру жалғасып келе жатқанын атап өтті. Жүргізіліп жатқан реформаларды сенаторлар тарапынан уақтылы заңнамалық қолдаудың да маңызы зор болып отыр.

«Соңғы жылдары сот ісін жүргізу мен сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Депутаттардың қолдауының арқасында ағымдағы жылдың 11 наурызында сот жүйесін жаңғырту бойынша түзетулер қабылданды. Жұмыс одан әрі жалғасып келеді», - деді Жақып Асанов.

Комитет төрағасы Владимир Волков кездесуді қорытындылай келіп, сот билігінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі Президенттің тапсырмаларын орындау жолында комитет алдағы уақытта да күш-жігерін аямайтынын атап өтті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары