$ 447.4  477.55  4.76

АШМ Германиядан Ресейге картоп жеткізу дерегін тексеріп жатыр

Кеден одағы комиссиясының № 318 шешіміне және ЕАЭО кедендік аумағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкестігі қатаң қадағаланады.

Тексеру нәтижесі көрсеткендей, 60 тонна картопқа фитосанитарлық сертификат Кедендік одақ пен ЕАЭО нормаларына сәйкес рәсімделді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл 16 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметтің (Россельхознадзор) Ақтөбе облысының фитосанитарлық сертификатымен Ресей Федерациясының аумағына санкциялық өнім жеткізу дерегін анықтау туралы хат келіп түсті.

Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақтөбе облысындағы аумақтық инспекцияға хат жолдап, олардың 2 наурызда Ресей Федерациясының «РусЕвроплант» АҚ-на жіберу үшін «Kazeuroplant LLP» ЖШС-не 60 тонна картоптың фитосанитариялық сертификатын бергенін анықтады.

Айта кету керек, мұндай құжатты ресімдегенде оның ЕЭК Кеңестің 2016 жылғы 30 қарашадағы №159 шешімімен бекітілген Кеден одағы комиссиясының № 318 шешіміне және ЕАЭО кедендік аумағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкестігі қатаң қадағаланады.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аталмыш деректі тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Оның нәтижесі қосымша жарияланатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары