$ 494.87  520.65  4.91

Бетпердесіз суретке түскен Өскемен әкімі айыппұл арқалады (ВИДЕО)

Суретке көрермен ретінде "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайка, қоғамдық белсенді Елена Березинская-Абилова мен Жақсылық Омар түсірілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өскемен әкімі Жақсылық Омарға маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан қалалық мектептің фестивалі кезінде түсірілген сурет тараған болатын. Суретке көрермен ретінде "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайка, қоғамдық белсенді Елена Березинская-Абилова мен Жақсылық Омар түсірілген. Желі қолданушылары әкімді іс-шараға маскасыз қатысқаны үшін сынға алған еді.

"Қала басшысының қоғамдық орынға маскасыз бару оқиғасы қолданыстағы заңнама аясында аяқталды. Өткен аптада заң бұзушылық туралы тиісті хаттама тіркелгеннен кейін қала әкімі белгіленген айыппұлды төледі", - деді Тұрсымбетов Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, оның сөзінше, Жақсылық Омармен бір іс-шараға қатысқан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да маска тақпағаны үшін айыппұл төлеген. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары