Әлеуметтік желіде денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыру отасын тегін жасауға рұқсат бергені жайлы ақпарат тарап жатыр. Алайда ведомство бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бұл ақпаратқа пікір жазған желі қолданушылары тіс емдеудің неге тегін еместігін, кейбірі балаларына тегін дәрі-дәрмек ала алмайтынын айтқан. Енді бірі мұның орнына науқас сәбилерге көмектесу керек деп есептейтінін жазған.
Осы ретте денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Ведомство жыныс ауыстыру отасын тегін жасауға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ешқандай қаулы шықпаған", - дейді баспасөз қызметінің мамандары.
Министрлік қызметкерлерінің сөзінше, кепілдендірілген тегін медициналық көмектің тізіміне жыныс ауыстыру отасы кірмейді.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің танымал адамдары жыныс ауыстыруға қатысты тараған наразылық білдіріп, Тоқаевқа үндеу жолдаған болатын.