18.03.2021, 10:20

COVID-19: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл» аймақта қалып отыр

Фото: inform.kz
Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 18 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қалып отыр. «Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Еске салайық, 16 наурыздан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді.