$ 447.4  477.55  4.76

Қазақ радиосына - 100 жыл: Қызылорда мен Шымкентте Қазақ радиосына көше беріледі

Бұл киелі шаңырақтың жүз жылдығына жасалған тағзым, көрсетілген құрмет.
Фото: facebook
Фото: facebook

Биыл қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына - 100 жыл толып отыр. Осы орайда, 100 жылдық тарихы бар Қазақ радиосына бүгін Қызылорда қаласында көше атауы берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

Бұл жаңалықты "Қазақ радиосының" директоры Дулат Абибуллаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қызылорда қаласынан да Қазақ радиосына көше берілді. Тарихи шешімді облыстық Мәслихат кеше мақұлдады. Қазақ радиосының тарихы Қызылорда қаласымен тығыз байланысты, себебі бір кездері радио Қызылорда қаласынан 5-6 жылдай әуе толқынына шығып, кейін көш Алматы қаласына қарай бой түзеді", - дейді ол.

Қызылорда қаласындағы Қазақ радиосы көшесінің ұзындығы 400 метр. Бұл киелі шаңырақтың жүз жылдығына жасалған тағзым, көрсетілген құрмет.

"Қазақ радиосының ғасырлық тойы қарсаңында ұжымның ниетін қолдап, радионың атын айшықтауға жан-жақты қолдау көрсеткен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ханымға және барша жанашыр жандарға, алғыс айтамыз.

Мәслихат шешімі жақын күндері Әділет басқармасынан тіркеуден өтіп, қаладағы бұрынғы «Саяхат-11» көшесі – «Қазақ радиосы» көшесі болып қайта аталады.

Құтты болсын! Қазақ радиосына - 100 жыл!", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық мәслихатының шешімімен Шымкент қаласына да жаңа көшеге "Қазақ радиосы" атауы берілді. Көшенің ұзындығы 1900 метр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары