$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО билігі жаңа оқу жылында кітап тапшылығы болмайтынын айтты

Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ел мектептері оқулықтан тапшылық көрмейді. Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында оқулық жеткілікт. Ол үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. 717 млн. теңгеден астам қаржы қаралып отыр деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биылғы оқу жылында 8 сыныптарға арналған (8 сыныптың барлық оқулығы) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне, 4 сыныптың ағылшын тілі мен 9 сыныптың дінтану оқулықтарына және 1 сыныптардың (1 сыныптың барлық оқулығы) жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендеріне сұраныс беріледі.

Қазіргі таңда, аудандық, қалалық білім бөлімдері баспалармен келісім-шартқа отыру жұмыстарын толығымен аяқтады. Мәселен, облыс бойынша «Атамұра», «Мектеп», «Арман-ПВ», «Алматыкітап», «Білім», «Жазушы», «Келешек-2030», «Интер-Пресс», «Кэмбридж», «САТР», «Бөбек», «Географиялық Республикалық атаулы мектеп», «Express Publishing», «8 & 8», «Macmillan», «Астана-Кітап», «Полиграфия-Олимп» сынды 17 баспамен келісім-шарт жасалды.

Бүгінгі күнге дейін баспаларға 30 пайыздық үстем ақы аударған аудандардың қатарында Бәйдібек, Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара, Кентау, Түркістан және Шымкент қалалары бар.

Әр қалалық, аудандық білім бөлімдері тасымалдаушыны ашық конкурс немесе баға ұсынысын сұрату арқылы анықтайды. Жеңімпаз деп танылған тасымалдаушымен келісім шартқа отырады.

Бүгінгі күнге облыстық білім басқармасы, Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан, Шымкент қалаларында жеңімпаз анықталып, келісім-шартқа отырып, жұмыстар жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары