$ 443.85  474.3  4.8

Кентауда «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті

Кентау қаласында «Салт-дәстүрлік іс-шаралардың деңгейін биіктетудегі зиялылардың, ардагерлердің және жастардың рөлі» тақырыбында «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті. Айтулы шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

Қоғамдық форумда сөз алған қала әкімі Ә.Мақұлбаев көтерілген тақырып бойынша өз ойын ортаға салып, Қаратау бөктерінде орналасқан шағын қалада түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері берекелі бірлігімен еңбек етіп, ынтымағы жарасты қоғам құрып отырғандығын жеткізді.

«Татулықтың туын көтеріп, ұлтаралық келісімнің айшықты үлгісін қалыптастырған этномәдени бірлестіктер жұмыс істеп, ана тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін жаңғыртып келеді. Осы елдің басын біріктіріп, оны ынтымаққа біріктіру мәселесіне арналған бүгінгі форумның отырысынан күтер нәтижелеріміз көп»,-деді шаһар басшысы.

Өз кезінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабаев пен «Әжелер» алқасының төрайымы С.Атабекқызы той мәдениетін дамытып, жастар арасында салт -дәстүрлік іс-шаралардың деңгейін көтеруде жастардың рөлі жайында айтып өтті.

Жиын соңында форумға қатысушылар тақырып аясында өз пікірлерін айтып, осының негізінде арнайы қарар қабылдады.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жанындағы «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның мүшелігінде 500-ден астам зиялы қауым өкілдері бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары