$ 510.08  539.61  5.15

Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Семейдегі атауы жоқ даңғылға ақыры берілетін болды

Даңғылдың сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев зияткерлік мектебі, ал оң жағында жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер мен балабақша орналасқан.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Семейдегі атауы жоқ даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілетін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Семей әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы өтті. Отырыс барысында төрт мәселе қаралды. Алғашқы үшеуі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы жөнінде болса, төртіншісі – Қарағайлы жаңа ықшамауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімін беру жайлы болған.

Даңғыл Қарағайлы ауданындағы «Семей-Павлодар» тасжолынан басталады. Сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев зияткерлік мектебі, ал оң жағында жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер мен балабақша орналасқан.

Тағы оқи отырыңыз: «Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы» - Айдос Үкібай

"Болашақта мұз айдыны кешенін, білім және технологиялар трансфері мектебін ашу жоспарлануда. Серуендеу аумақтары, қоғамдық тамақтану орындары, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынбақ. Бұдан бөлек, өшелерді жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған", - деді Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Аталған даңғылда бұрын атау болмаған. Сессия барысында барлық мәселе бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды. Енді Қарағайлы көшесіне атау беру туралы түпкілікті шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары