$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шымкентте жауын-шашынды. Желдің екпіні - 8-13 м/с, түнде 7-9°C, күндіз +11+13°C.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанның барлық өңіріне ертең, 20 наурызда Қара теңіз циклоны жетеді, салдарынан жауын-шашын болады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктер мәліметінше, солтүстік-батыста бұрқасын жүреді. Кейбір өңірлерде тұман және көктайғақ болатыны хабарланып отыр. 

Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Атырау облысында тұман, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында жел күшейеді.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 20 м/с.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді.

Түркістан облысында желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысында тұман, желдің жылдамдығы 30 м/с-ке жетеді. 

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Павлодар, Қостанай облыстарында тұман және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қызылорда облысында тұман, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қостанай облысында тұман және көктайғақ болады.

Нұр-Сұлтан қаласында қар жауады. Түнде температура: -1-3°C, күндіз: +2 +4°C. Желдің жыдамдығы - 9-14 м/с.

Алматыда күн бұлтты. Түнде +2+4°C, күндіз +14+16°C. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Шымкентте жауын-шашынды. Желдің екпіні - 8-13 м/с, түнде 7-9°C, күндіз +11+13°C.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы #қыс