Көктайғақ салдарынан елорда маңына қатынайтын барлық маршруттық автобустардың қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қоғамдық көлікке жауапты CTS компаниясы Instagram арқылы осындай хабар таратты.
«Ауа райына байланысты көктайғақ салдарынан қала шетіне қатынайтын барлық маршруттық автобустардың қозғалысы шектелді» - делінген хабарламада.
Қала ішіндегі маршруттық автобустардың қозғалысы да баяулап жатыр. Көлік компаниясы кейбір қала ішіндегі автобустар кестеден кешігуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды жағдайға түсіністікпен қарауды шақырып отыр.