Денсаулық сақтау министрлігі 20 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік мәліметі бойынша, 20 583 адам короновирус инфекциясынан (17 179 КВИ+ және 3 404 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 5 914 пациент стационарда, 14 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 250 адамның жағдайы ауыр;
• 64 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 18 наурыздағы мәлімет бойынша 46 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды, 182 адам жазылып шықты.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 50 049;
өлім жағдайлары – 660;
емделіп шыққандар саны – 45 985.