20.03.2021, 14:36

Коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
КВИ жұқтырған 250 адам ауыр жағдайда жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі 20 наурыздағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік мәліметі бойынша, 20 583 адам короновирус инфекциясынан (17 179 КВИ+ және 3 404 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 5 914 пациент стационарда, 14 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 250 адамның жағдайы ауыр; • 64 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 18 наурыздағы мәлімет бойынша 46 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды, 182 адам жазылып шықты.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 50 049;

өлім жағдайлары – 660;

емделіп шыққандар саны – 45 985.