Еліміздің синоптиктері 21 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандар бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.
21 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысының тауларында түнде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай болып, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Синоптиктердің болжауынша, 20-21 наурыз аралығында
Түркістан, Жамбыл облыстарында беткейлік ағынның пайда болуы және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін