Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткен іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.
Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Еділова Аяжан 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі 43 мекен-жайы бойынша жұмыстан шығып кеткен және үйге оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет оның жұмыстан шыққан кезде түсірген.
«Ол қара куртка, кең қара джинсы, қара берет киген, қызғылт сөмке ұстаған», - дейді жоғалған қыздың туыстары.
Егер Аяжан туралы қандай да бір ақпарат болса, туыстарына хабарласыңыздар +7471444110 (Алтынай)