22.03.2021, 12:53

Алматыда 19 жастағы бойжеткен із-түссіз жоғалып кетті

Фото: ашық дереккөзі
Ол кешке жұмыстан шығып, үйіне оралмаған.

Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткен іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Еділова Аяжан 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі 43 мекен-жайы бойынша жұмыстан шығып кеткен және үйге оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет оның жұмыстан шыққан кезде түсірген.

«Ол қара куртка, кең қара джинсы, қара берет киген, қызғылт сөмке ұстаған», - дейді жоғалған қыздың туыстары.

Егер Аяжан туралы қандай да бір ақпарат болса, туыстарына хабарласыңыздар +7471444110 (Алтынай)