Жаңалықтар 22.03.2021 сағат 16:50

«Күйеуің қатал болса көрер ем»: Жазира Байырбекова өзін сынға алғандарға жауап берді

Сиырды да сауып көрдім. Сиырың болса сауғанның несі жаман.
«Күйеуің қатал болса көрер ем»: Жазира Байырбекова өзін сынға алғандарға жауап берді
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі әнші Жазира Байырбекова өзін сынға алған желі қолданушыларына жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, танымал болмас бұрын өзі де қарапайым жандар секілді өмір сүрген. Яғни сиыр да сауған, қолымен кір де жуған тіпті, базарда жеміс-жидек те сатқан.

"Ауылда тұрсаң көрер ем" дейді біреу. Мен ауылда тұрдым ғой. "Сиыр саудырып қойса көрер ем" дейді біреу. Сиырды да сауып көрдім. Сиырың болса сауғанның несі жаман.

"От жағып, күнде 5-6 адамның тамағын жасайтын болсаң көрер ем" дейді біреу. Бір үйде 20 шақты адамның төсегін салып, тамағын жасап, ыдысын, кірін кір машинасыз қолмен жуған кездерім де болды.

"Біз сияқты базарда тұрсаң көрер едім" дейді біреу. Мен барахолкада аяқ киім саттым. Одан кейін Боралдайдың базарында Жәкең екеуміз жеміс жейдек саттық. Ашық базарда таңғы 7-8-ден түнгі 11-ге дейін тұратынбыз.

"Біз сияқты көпбалалы болсаң көрер ем" дейді біреу. Бізде бір ұл, бір қыз деген аты ғана. Үйде үнемі 10 шықты адам тұрамыз, жүреміз.

"Күйеуің қатал болса көрер ем" дейді біреу. Қызылорданың жігіттері әйеліне жұмсақ болады деп кім айтты?!

 "Өмірлері рахат, әдемі киініп алып ары-бері ұшып жүреді" дейді біреу. Шаршап тұрғанымызды, ауырып тұрғанымызды көрсете берсек, 3 млн-нан аса оқырманымыз болмас еді" , - дейді әнші Instagram парақшасында. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар