$ 444.22  476.38  4.82

Астанада шатырдан қар құлап, бірнеше көлікке зақым келді

Көліктердің төбелері мен терезелері сынған.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Астанада шатырдан мұз үйіндісі құлап, тұрақта тұрған бірнеше көлікті зақымдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаның видеосы Instagram парақшасының бірінде жарияланды.

Видео авторының пікірлеріне қарағанда 5 көлік қар астында қалды. Көліктердің төбелері мен терезелері сынған.

Ғимаратта «Абайлаңыз, қар үйіндісі түсу қаупі бар» деген жазуды байқауға болады.

Қала тұрғыны Нұрболат Махамбетовтың да көлігі үйінді астында қалды. Оның банктен несие рәсімдегеніне 8 ай ғана болған. Енді көліктің құнын қалай өндіріп аларын білмей дал.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары