Синоптиктер еліміздің 11 облысында ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz https://sn.kz/ ақпарат порталы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
24 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
24 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
24 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с жетеді.
24 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 17-22 м/с жетеді.
Түнде 24 наурызда Павлодар облысында кей жерлерінде қатты қар болады, тәулік бойы 24 наурызда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
24 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
24 наурызда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
24 наурызда Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман болады. Түнде кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
24 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
24 наурызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.