$ 494.87  520.65  4.91

Астанада коронавирус жұқтыру дерегі 76 пайыз өскен

Астана 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймақта» енді.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Соңғы аптада сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш – 106,96 құрады. Репродуктивті саны – 1,506, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймақта» енді.

Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 248 жағдай тіркелді (оның ішінде 17 947 – симптомды және 10301 – симптомсыз).

Тәулігіне 203 расталған алғашқы зертханалық жағдай тіркелген (симптомдары бар 136 жағдай, 67 симптомсыз жағдай), өсім – 0,85%.

Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі – өз өтініші бойынша.

Осы жылдың 22 наурызында 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында – 53.

Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды.

Анықталған – 357 байланыста болған тұлғалар, барлық жұмыс істеп тұрған ошақтар – 1321, оның ішінде: үй – 834 (байланыста болғандар саны – 1497), ұйымдастырылған – 487 (ұйымдасқан ұжымдардағы байланыста болғандар – 1917).

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады:

- Маска режимі;

- адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар);

- әлеуметтік қашықтық;

- қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз.

Қаладағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз - делінген хабарламада.

baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары