24.03.2021, 17:50

Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды

Фото: ашық дереккөзі
Бұл бастаманы «Гүлденген Армения» және «Білімді Армения» оппозициялық парламенттік фракциялары алға тартты.

Арменияда 2020 жылдың қыркүйегінен бері енгізілген қосылған әскери жағдай режимі тоқтатылды. Тиісті бастаманы парламенттік оппозиция шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арменияның ұлттық жиналысы 24 наурыздағы отырыста елде әскери жағдай режимін тоқтату шешім жобасын қабылдады. Бұл бастаманы «Гүлденген Армения» және «Білімді Армения» оппозициялық парламенттік фракциялары алға тартты. «Менің қадамым» басқарушы фракциясы да бастаманы қолдады. Осылайша, елде 2020 жылдың қыркүйегінен бері енгізілген әскери режим тоқтатылды.

Айта кетсек, Арменияда әскери жағдай режимі 2020 жылдың 27 қыркүйегінде, Таулы Қарабақтағы жанжал аймағындағы жағдайдың ушығуына байланысты жарияланған еді.

Тегтер: Армения соғыс