25.03.2021, 12:00

Мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуін тоқтатты

Фото: дереккөз
Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстанда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары техникалық ақаулықтарға байланысты қызмет көрсетуін тоқтатты. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.

"ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақаулықтарға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады", - деді корпорация өкілдері.

Тегтер: ХҚКО