27 наурызда Нұр-Сұлтанда "Жер сағаты" акциясы құрметіне 150-ден аса ғимаратты безендіріп тұрған сыртқы жарық өшіріледі, деп хабарлайды Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы.
"Ертең, 27 наурызда, жаппай "Жер сағаты" акцясы өтеді. Негізгі мақсат-адамдардың назарын планетаның ресурстарына жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға аудару. Жыл сайын 180 елден миллиондаған адам бір сағатқа жарық пен электр құралдарын сөндіреді", - делінген хабарламада.
Орталық екінші жыл қатарынан акцияға еліміздің барлық өңірі қосылғанын айтты.
"20.30-да елорда нысандарының сыртық безендіру жарықтары сөнеді:
"Астана-Арена","Алау" мұз сарайы, "Барыс Арена", "Мәңгілік Ел" монументі (салтанат қақпасы), NUR ALEM Болашақ энергиясы мұражайы, "Астана Опера" опера және балет театры, "Бәйтерек" монументі, "Қазақ елі" монументі", Сарайшық көшесі бойынша М2 және Сығанақ көшесі бойынша М3 көпірі, Қазмедиаорталығы, Talan Towers БО, "ҚТЖ" АҚ ғимараты, "Хан Шатыр" сауд, Ailand, Mega Silk Way сауда орталығы, "Сарыарқа" сауда орталығы, ІІМ ғимараты, Назарбаев Университеті, "Жекпе-Жек" СК", Ақ Орда " Президентінің резиденциясы", "Әзірет Сұлтан" мешіті, Ұлттық мұражай, "Шабыт" шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік Сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы, сондай-ақ, 150-ден аса тұрғын үй кешенінде", - делінген хабарламада.