$ 448.89  477.93  4.76

Головкин кәсіпқой рингте қанша табыс тапты?

Головкиннің Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Boxingnews24.com шолушысы Энджел Флауэрс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингте қанша табыс тапқанын, сондай-ақ мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінде алған гонорарын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Головкиннің Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады. Кей деректерде Головкиннің байлығы 30-35 миллион долларға бағаланғаны, ал Альвареспен болған екі жекпе-жекте 37 миллион доллар алғаны айтылады.

"Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы жекпе-жегі үшін 20 миллион және ұлыбританиялық Каллум Смитпен болған кездесу үшін де шамамен сондай қаржы алған", - деп жазды Флауэрс.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Олардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталды, ал екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары