$ 447.4  477.55  4.76

Түркістан облысында 60-қа жуық елді мекен әлі күнге дейін жарықсыз отыр

Боранның салдарынан Ордабасы, Отырар, Бәйдібек пен Арыс сынды аудан-қалалардағы 93 елді мекен жарықсыз қалды. Қазір соның тек 34-де ғана бағаналар қалпына келтірілді. Қалғанына қашан жарық берілетіні белгісіз.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Түркістан облысында бораннның кесірінен қараңғылық құшағында қалған 60-қа тарта елді мекен әлі жарықсыз отыр. Себебі мамандар құлаған бес мыңнан аса электр бағанасын жөндеуге тағы жиырма күндей уақыт керек. Ал, соңғы мәліметтер бойынша табиғи апаттан келген шығын көлемі әзірге 440 млн теңге шамасында, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Екі аптадан бері жарықсыз отырған Арыстанды ауылының тұрғындары қараңғы түнекте шаммен күнелтуден әбден шаршаған. Бәрінен бұрын ауылға келіп онлайн оқып жатқан студенттерге қиын тиюде.

 «Қызылкөпірден бері қарай жарық жоқ, столбы деген қирап жатыр. Оны істеп жатқан не адам, не техника жоқ. Жарыққа шыдаймыз, бірақ оқитын балаларымызға қиын болып тұр», - деді Арыстанды ауылының тұрғыны Эльмира Құрманәлі. 

Ауыл ішіндегі құлаған бағаналар да, үзілген сымдар да сол күйі жатыр. Келіп жөндеген бір адам жоқ дейді тұрғындар. Онсыз да қараңғылық құшағында қалған жұртты енді қымбатшылық бір бүйірден қысып барады.

«Ауылдағылардың мотор алуға шамасы жоқ мәселен. Бәрінде бес бала, алты баладан бар. Баласын киіндіре ма, мотор ала ма?!», - деді Арыстанды ауылының тұрғын Гүлмира Шағырбаева. 

Жарық беретін мотордың бағасы екі аптада екі есе өсіп кеткен. Кішісі 35 мың теңге, үлкені 550 мыңға бір-ақ шыққан.

 «Күнде магазинде 2-3 мотор сатылып жүрсе, свет өшкеннен кейін он данаға дейін өтті. Жалпы свет өшкендер 80-90 мың теңгелік мотор алды. 100 мың теңгелік те мотор алды. Қазір де алып жатыр. Бұрынғыдан сұраныс артты», - деді  сатушы Санжар Ақназаров.

Боранның салдарынан Ордабасы, Отырар, Бәйдібек пен Арыс сынды аудан-қалалардағы 93 елді мекен жарықсыз қалды. Қазір соның тек 34-де ғана бағаналар қалпына келтірілді. Қалғанына қашан жарық берілетіні белгісіз.

Тағы оқи отырыңыз:

«Шыңғыс Мұқанның бұл тірлігін халықты алдау және Тоқаевтың тапсырмасын менсінбеу деп есептеймін» - заңгер

«Елді мекендерде қатты жаңбыр жауды, сол жерлер батпақ, лай. Сол жерде техника кішкене қиналып жұмыс істеп жатыр. «Оңтүстік жарықтың» мәліметінше, осы елді мекендерді нақты қалпына келтіру 15-ші сәуірге дейін созылуы мүмкін деп отырмыз», - деді Түркістан облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Роза Сариева.

Құлаған бағаналарды жөндеуге «Кегок» пен «Оңтүстік жарық» компанияларының 500-ге тарта жұмысшысы мен жетпістен аса техникасы жұмылдырылған. Қаржы да бар. Тек ауа райы қолайлы болса болғаны дейді мамандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары