$ 498.34  519.72  4.85

«Shymkent City» кешенін салуға америкалықтар атсалысады

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығынан салынып жатқан «Shymkent City» кешенінің құрылысына ірі америкалық компания атсалысады. Атап айтқанда, «АЕСОМ»компаниясы қазақстандық осынау жобаға инвестиция тартуға көмектеспек. Осыған орай компанияның аймақтағы директоры Марина Костанян мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Екі тарап қалада салынып жатқан «Shymkent City» ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті. Айта кету керек, «АЕСОМ» — сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорациялары арасындағы Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.

«АЕСОМ» жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-Ситиді» атап өтуге болады. Қазақстан — «АЕСОМ» компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттерінің ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.

«Shymkent City» — ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салынып жатқан Шымкент қаласындағы жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені. Бүгінгі таңда жол және басқа да коммуникациялар орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы кешеннің орталығында орналасатын саябақтың құрылысы басталады.

«Shymkent City» қалананың солтүстік бөлігінде, Бәйдібек Би ескерткішінің жанында орналасатын болады. Кешен заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылған, өмір сүруге және кәсіп жүргізуге қолайлы, ең жоғары стандарттарға жауап береді.

Жоба өткен жылы ұсынылған және ОҚО әкімі Б.Атамқұловтың тарапынан қолдау тапқан Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясының шеңберінде жүзеге асырылуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары