$ 498.34  519.72  4.85

Атырау облысында өзен тасып, көпірлерді су шайып кетті

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Фото: azattyg. ruhy
Фото: azattyg. ruhy

Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында Ноғайты өзені тасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ағысы қатты су Сағыз елдімекені маңындағы жолдар мен көпірді және өткелдерді шайып кетті.

Бастауын Ақтөбе облысынан алатын Ноғайты өзеніне су кешеден бастап құйыла бастады. Соның салдарынан елдімекен маңындағы бір көпір мен ауыл ішіндегі екі өткелді су шайып кетті. Сондай-ақ кенеттен көтерілген тасқын Ақтөбе – Атырау күре жолының үстіне жайылып, көлік қозғалысын қиындатты. Қазір жағдай қалыпқа түсіп келеді.

Бүлінген көпірді «Ақтөбе – Атырау» жол құрылысына жауапты мекеме жөндеуге кірісті. Оған онға жуық техника жұмылдырылған. Абырой болғанда, өр суынан зардап шеккендер жоқ.

«Қардың қалыңдығынан жиналып, жаңбыр болды. Жаңбыр қарды ерітіп, өзеннің бойымен сайдың суын толтырып тұр ғой. Бұрын Ноғайты өзенінің үстімен өтетін көпір болып еді. Сол көпір қирап қалды. Енді қайтадан жаңа көпір салу керек. Былтыр уақытша көпір салып қойып еді. Сол уақытша көпірді су шайып кетті. Қазір ол көпірді қалпына келтірдік. Судың деңгейі қазір едәуір түсті», - деді Сағыз ауылдық округінің әкімі Нұрәлі Әбишан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары