$ 448.15  483.46  4.86

Петропавлда полиция қызметкерлерлі коронавирустан қайтыс болғандар туралы мәліметтерді сатқан

Бұл қызметті 4 мың теңгеге бағалапты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Петропавлда полиция қызметкерлері ритуалдық агенттіктерге коронавирустан қайтыс болғандар туралы мәліметті сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Петропавл қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бірнеше қызметкері күдікке ілінді. 

Олар облыс орталығындағы ритуалдық агенттіктерге қала аумағында қайтыс болған адамдар туралы мәліметтерді сатып келген. 

Полицейлер қайтыс болған адамның сауалнамалық деректерін беріп, бұл қызметті 4 мың теңгеге бағалапты.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл істің қалған мән-жайы тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу жүргізу нәтижесі бойынша қабылданбақ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары