Өзбекстан "Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" трансшекаралық теміржол құрылысына қатысуға дайын деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Бұл туралы Қырғызстан және Өзбекстан үкіметаралық комиссиясының кеңейтілген отырысында айтылды.
Ресми Ташкент жобаны жоспарлау кезеңінен бөлек темір жолдың жекелеген бөліктерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге әзір екенін мәлімдеді.
Бұл ауқымды инфрақұрылымдық жоба туралы алғаш рет 1990 жылдардың ортасында айтылған.
Еске салсақ, Өзбекстан Қазақстанға Арал теңізінің құрғаған түбінде көгалдандыру және экологияны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды ұсынды.
Атап айтқанда, шөлді жерлерде ағаш отырғызып, ауыл шаруашылығын дамытуды бастау ұсынылды. Өзбекстан аумағында Арал теңізінің батыс бөлігі ғана қалған, оның өзі жыл сайын 60 сантиметрге кеміп барады. Көлдің кеуіп кетуі жергілікті флора мен фаунадан зардап шегетін экологиялық апатқа алып келді. Адамдар да осындай жағдайға тап болды. Мысалы, өңірде өкпе ісігі мен туберкулез ауруы жиі анықталуда.