Қарағандыда жеңіл автокөлік жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан Honda жүргізушісі қаза тапты, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкіліне сілтеме жасап.
«Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 30-ға жуық жолаушы болған, олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерекке "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.