$ 494.87  520.65  4.91

Дуалды оқытудың жол картасы бойынша 10 мың маман даярланады

Еліміздің 400 кәсіпорны үшін 10 мыңнан астам маман Дуалды оқыту жол картасы бойынша даярланады. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

― 400 кәсіпорын бүгінгі таңда 10 мыңнан астам маман дайындауға өтінім берді, ― деді Н. Әлтаев.

Оның айтуынша, дуалды оқытуды енгізудің жол картасы өңірдің 11 басым саласынан тұрады, олардың ішінде ауыл шаруашылығы, ветеринария, экология, металлургия, машина жасау, медициа, фармацевтика, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, сервис, басқару және көлік бар.

― Әр облыс бойынша кәсіпкерлерге қажетті мамандықтар тізімі жасалған, бұл мамандықтардың жалпы тізімі 83 мамандықты құрады. Тізімге 173 колледж енді, ― деп түсіндірді палата басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта колледждерге тапсырыс беретін кәсіпорындардың арасында 3-4 тарапты келісім-шартқа қол қою процесі басталғанын айтты.

― Кәсіпкерлік мамандарын дайындау барысында білім беру процесіне белсенді араласады. Олар оқушылардың оқу уақытының 60 пайызын тәжірибе мен жұмыста өткізуі үшін тәжірибелік алаң ұсынады. Осы орайда кәсіпкерлік студенттердің стипендиясын төлеуді де мойындарына алып отыр. Ең бастысы оқу біткеннен кейін жұмыспен қаматамасыз етілу, ― дейді Н.Әлтаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары