$ 449.58  486.94  4.86

Қасиетті Қағба маңында өрт шықты (ВИДЕО)

Мекке шаһарындағы қасиетті Қағбаны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта өрт шықты хабарлайды Nur.kz.

Бұл жайында корольдіктің азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі Салех әл-Альяни мәлім етті. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тобы тілсіз жауды тез арада құрықтады.

Әл-Альяни мырзаның мәлімдеуінше, өрт аумағы 20 шаршы метрді құраған. Өрттің шығуына құрылыс жұмыстарына қажетті ағаш құрылғылар себеп болғанға ұқсайды.

Аталмыш оқиғадан 14 адам зардап шеккен, үшеуі ауыр хәлде. Апат адам шығынынсыз аяқталған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері жайлы зерттеу-тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары