$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте Street Workout алаңы ашылды

Шымкентте заманауи Street Workout алаңы ашылды. Спорт алаңшасының ашылуына Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиада комитеті қолдау көрсетті деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағында ашылған алаңда ашық аспан астында спортпен жаттығуға болады. Салауатты өмір салтын сақтауға арналған Street workout қозғалыс құралдары облыс орталығының бірнеше аумағына орнатылып, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік тудырып отыр. Бұл ойын алаңдары 20-дан астам түрлі снарядтан құралған.

Аталған спорт алаңдарының құрылысы ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен әрі қаржылай қөмегімен. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолдауымен салынған. Бұл жоба еліміздің әр өңірінде балалар мен жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын оятуды көздейді дейді жауаптылар.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімінің бастамасымен "Шымкент-байк" жобасы да жүзеге асқан болатын. Заманауи қондырғылармен жабдықталған велосипедтер бүгінде шымкенттіктердің қажетіне жарап тұр. Тіпті, қала әкімі Әбдірахымовтың өзі де жұмысқа осы велосипедпен қатынайды. Қазіргі таңда шаһардағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың бір бөлігі веложолдарға айналған. Атап айтқанда, Тәуке-хан, Қонаев даңғылдарымен бірге бірнеше көшелердің бойында арнайы веложолдарды көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары