$ 449.58  486.94  4.86

Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі Алматыдан табылды (ФОТО)

Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілген.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қызылорда облысында жоғалған үш қыздың екеуі табылды. Бір жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды Nur.kz өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды. 

«Жоғалған қыздар біздің тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды», - деді полицияның баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілген. Үшінші кәмелетке толмағанды анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылорда облысының полицейлері кәмелетке толмаған үш жасөспірім қызға іздеу салғанын жазған едік. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары