$ 478.93  534.96  5.16

Қазақстандық боксшы ресейлік экс-чемпионды есінен тандырды

Маликов болса төртінші рет жеңіліп отыр. Ресейлік бұрын жеңіл салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша Азия чемпионы болған.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (11-1, 5 КО) кәсіпқойдағы 12-ші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Калицкий RCC Boxing Promotions компаниясы Екатеринбургте ұйымдастырған бокс кешінде рингке шықты. Оның қарсыласы ресейлік Павел Маликов (16-3-1, 6 КО) болды.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы айқас сегіз раундқа есептелген болатын, алайда, бесіншісінде аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді.

Айта кету керек, бірінші және екінші раундта Калицкийдің өзі екі рет нокдаунға түскен еді. Осылайша, Калицкий карьерасындағы он бірінші жеңісіне жетті.Маликов болса төртінші рет жеңіліп отыр. Ресейлік бұрын жеңіл салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша Азия чемпионы болған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары