$ 444.22  476.38  4.82

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы да ұзартылды

Ол былтыр 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады.

«26 наурызда, сағат 22:47-де Нұр-Сұлтанның тергеу судьясы Біртановтың үйқамақта отыру ұзартты. Ол судьяның бұлай жасауының себебі белгілі. Өйткені Біртановты қамауға алу мерзімін ұзартпаса, оны заңсыз қамауға алды дегенді білдіреді. Тергеу ісі бойынша Біртановты күдікті ретінде ұстауға негіз болған жоқ. Тіпті, үй қамауына алу да негізсіз», – деді Куряченко.

Естеріңізге сала кетейік,оған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген айып тағылып отыр. Соңғы рет Елжан Біртановтың үй қамақтағы мерзімі 22 ақпанда ұзартылған еді. Ол былтыр 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған. Ал оның ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары