$ 448.89  477.93  4.76

Шымкентте тағы да «қыз алып қашқандар» видеоға түсіп қалған

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

2021 жылы 29 наурызда әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан белгісіз біреулер қызды күштеп көлікке отырғызып алып кеткені түсірілген видео пайда болды. Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы барып, сол маңдағы бейнебақылау камераларының біріне оқиға түсіп қалғанын анықтады. Сондай-ақ, жақын маңда тұратын тұрғындардан сұрау жүргізіп, куәгер анықталған. Одан жауап алынды.

Шымкент қаласының Полиция департаменті анықталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы 2-бөлігінің 1- тармағына сәйкес сотқа дейіңгі тергеп-тексеру амалы басталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаны анықтауға бағытталған жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары