30.03.2021, 10:40

Әлия Назарбаева қытайлық вакцина салдырды (ФОТО)

Фото: instagram/aliya_nazarbayeva_official
"Вакцинация туралы пікір әр алуан, әркім шешімді өзі шығаруға құқылы", - дейді ол.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева қытай вакцинасын салдырды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.  

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Вакцинация туралы пікір әр алуан, әркім шешімді өзі шығаруға құқылы. Демалысқа барып, қытай вакцинасын салдырдым, өзімді жақсы сезінемін. Бірақ денсаулықтың басты кепілі белсенді өмір салты, күн және бәріне деген оң көзқарас екенін ұмытпау керек", - деп жазды Назарбаева.