$ 443.85  474.3  4.8

Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады

Атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бұрынғы басқарма төрағасының атқарған белсенді әрі жемісті жұмысына ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов Президентке көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Еске сала кетейік, 29 наурызда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы болған Ахметжан Есімов қызметінен босатылып, оның орнына Қор басшысы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Қордың бұрынғы басшысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкімет басшысы Асқар Мамин атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары