$ 494.87  520.65  4.91

Ұшақтан түскен мас жолаушы жанжал шығарды

Көлік полициясы бөліскен видеодан жолаушының құқық қорғау органдары қызметкерлерін "әкеме айтамын" деп "қорқытқанын", сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтып, өзін неге ұстағанының себебін сұрап жатқанын көруге болады.

Ұшақтан түскен мас жолаушы Барнаул (Ресей) әуежайында жанжал шығарды және ұсталған кезде полиция қызметкерлерін "әкеме айтамын" деп қорқытты. Бұл туралы Ресей ІІМ Сібір федералды округі бойынша көлік басқармасының сайтында жазылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Ресейдің ІІМ Сібір федералдық округінің көліктегі басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 25 наурызда болған. Свердлов облысының 40 жастағы тұрғыны мас күйінде Барнаул әуежайындағы тіркеу орнында шу шығарып, әуекомпания қызметкерлерімен жанжалдасқан. 

Көлік полициясы бөліскен видеодан жолаушының құқық қорғау органдары қызметкерлерін "әкеме айтамын" деп "қорқытқанын", сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтып, өзін неге ұстағанының себебін сұрап жатқанын көруге болады.

Дәрігерлер жолаушыны тексерді және ол жеңіл мас күйінде болды деген қорытынды шығарды. Сот ресейлік азаматты әкімшілік құқықбұзушылық үшін кінәлі деп таныды. Оған қатысты бір күнге қамауға алу және айыппұл салу түрінде жаза тағайындады.

Видеоның толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары