$ 498.34  519.72  4.85

Сәуірден бастап электр энергиясы қымбаттайды

Еліміздегі 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сінің шекті тарифтері өспек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

1 сәуірден бастап Қазақстанда жылу электр станцияларының шекті тарифтері орта есеппен 15%-ға артады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Биыл 1 сәуірден бастап  елімізде 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сінің шекті тарифтері өспек.

«Өтінімдерді қарау кезінде министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақытылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 15% деңгейінде болжануда», - деп хабарлады Рахимов. 

Вице-министрдің мәліметінше, Қазақстанның энергетика көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарында пайдалануға берілген.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы энергетикалық активтердің тозуы 53%-ды құрайды. Қаржыландырудың жеткіліксіз болуына байланысты электр станцияларында жүргізіліп жатқан жөндеу компанияларының сапасы алаңдаушылық туғызады. Өкінішке қарай, жөндеу жұмыстарына бағытталған шығындар қажеттіліктерді толық көлемде өтемейді, - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, қаржыландыру толық болмағандықтан апаттар мен жарықты өшіру жағдайының өсуі байқалады. 2020 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 4 458 технологиялық бұзушылыққа жол берілген (2019 жылмен салыстырғанда 11%-ға өскен).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары