$ 447.4  477.55  4.76

Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов қайтыс болды

Бұл хабарды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеткізді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елтаңба авторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор Шота (Шот-Аман) Уәлиханов 89 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

Суық хабарды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеткізіп, туған туыстарына көңіл айтты.

"Шот-Аман Уәлихановтың отбасы мен туған-туыстарына! Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат", "Отан", "Даңқ" орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. (...) Ғибратты азаматтың асыл бейнесі, ерен еңбегі туған-туыс пен қалың қазақтың көңіл төрі мен жүрек түкпірінде мəңгі сақталады. Марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-жақсы амалдары алдынан жарылқасын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа, алды пейіш, арты кеніш болсын", - деп жазды министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары