$ 494.87  520.65  4.91

Ауырып қалған оқушылар ПТР-тест тапсыруға міндетті ме?

Мектептерде ПТР-тест талап етуге қатысты ақпараттың скриншоттары Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласында болғаны айтылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазнетте бұдан былай ауырып, сабақтан қалған оқушылар теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-тест анықтамасын ұсынуға міндетті екені туралы хабарлама тарады. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

Ведомство өкілдері ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің және облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларында оқушыларда міндетті түрде ПТР-тест болуына қойылатын талаптар қарастырылмағанын жеткізді.

«Мектеп әкімшілігінің бұл талаптары заңсыз. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында коронавирустық инфекциямен ауырған немесе онымен байланыста болған оқушылар үшін білім беру ұйымында болу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы дәрігердің медициналық қорытындысының болуы ғана қарастырылған», – делінген ведомстов хабарламасында.

Мектептерде ПТР-тест талап етуге қатысты ақпараттың скриншоттары Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласында болғаны айтылған. Алайда, аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, Сәтбаев қаласының бас санитар дәрігері де оқушыларға мұндай талаптар қоймаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары