Жаңалықтар 31.03.2021 сағат 22:20

Алексей Цой депутаттың сынына жауап берді

Қазіргі уақытта қауіп тобындағы, оның ішінде медициналық жұмысшыларды, күш құрылымдарының өкілдерін, педагогтерді кезең-кезеңімен вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Алексей Цой депутаттың сынына жауап берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс депутаты Ирина Унжакованың сынына жауап берді. Цой депутаттың вакцинация бойынша жұмысты шала атқарды деген сөзіне өз көзқарасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, бүгінде COVID-19-ға қарсы вакцинаға жаһандық нарықта ірі күрес жүріп жатыр. Еуропаның бірқатар елі өндіруші компаниялардан вакцинаны жеткізу бойынша келісімшарт міндеттемелерін орындауға қол жеткізуге тырысып жатыр, басқалары өз халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында вакцинаның экспортын шектеу шараларын қабылдап жатыр, ал басқалары тәуекелдерді әртараптандыру мақсатында иммундық препараттардың жаңа жеткізушілерін іздеп жатыр.

"Қазақстан халықты вакцинациялау бойынша кампанияны кесте бойынша - биылғы 1 ақпаннан бастаған елдер қатарында. Қазіргі уақытта қауіп тобындағы, оның ішінде медициналық жұмысшыларды, күш құрылымдарының өкілдерін, педагогтерді кезең-кезеңімен вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - делінген Цойдың жауабында.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Қазақстанда Қазақстанда халықтың вакцинаға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылданғанын атап өтті: Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында вакцина шығаратын алаң ұйымдастырылды, Қазақстанда өндірілген вакцина әзірленіп жатыр, бүкіл ел бойынша егу кабинеттері ашылды.

Алексей Цойдың мәліметінше, 2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 300 мың азамат вакцинамен қамтамасыз етілді, иммундаудан кейін жағымсыз салдары тіркелген жоқ.

"Қоғамның бір бөлігінің COVID-19-ға қарсы вакцинацияға деген күмәніне қарамастан, кезең-кезеңімен иммундау қолданылатын вакцинаның тиімділігі мен сапасына көз жеткізуге мүмкіндік берді. Биылғы сәуір айында тағы 2,5 миллион доза жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бірінші жартыжылдықтың соңына дейін ҚР-ның 6 миллион тұрғынын КВИ-дан иммундаумен қамтуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, сәуір айынан бастап вакцинациялауға жататын тұлғалар тобын барынша кеңейту жоспарланып отыр. Процесті жеделдету үшін барлық егу кабинетін іске қосу бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ ұйымдасқан ұжымдарда адамдарды иммундау үшін жылжымалы/көшпелі егу бригадалары тартылады", - деді ведомство басшысы.

Былтырғы маусымдық тұмауды вакцинациялау тәжірибесін ескере отырып, бір айда 2,3 миллион адамды вакцинациялау мүмкін болғаны айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазақстандық денсаулық сақтау саласында жаппай иммундау мүмкіндігі бар деп санайтынын мәлімдеді.

"Құрметті Ирина Сергеевна, Сіздің сыныңызға ұлт денсаулығын нығайту мақсатындағы біріккен өнімді жұмысымыз депутаттық корпустың тығыз қолдауымен жалғасады деп үміттенеміз. Денсаулық сақтау мәселелеріне түсінікпен қарап, бей-жай қалмағаныңызға алғыс айтамын", - деді Алексей Цой.

Алайда депутаттың нақты сұрақтарына министр жауап бермеген.

Айта кетейік, депутаттың айтуынша, елде вакцина жетіспеушілігі былтырғы жағдайды еске түсірген. Денсаумин өз жауабында халықтың вакцинаға қолжетімділігін қанағаттандыру мақсатында қолдан келген шаралардың бәрі атқарылып жатқанын айтып отыр. Алайда, депутат Унжакованың пікірінше, қазақстандық вакцинаға қатысты бірқатар мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр, себебі бүгінгі күні уақытша тіркеуді алу туралы ақпарат қана бар.

Еске салайық, бүгін мәжіліс отырысында депутат Ирина Унжакова Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы күресте өз тәжірибесінен де, әлемдік тәжірибеден де сабақ алған жоқ деп мәлімдеген еді. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар