$ 449.58  486.94  4.86

«Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласы жаңа келбетке ие болды» — Тоқаев

Түркілер кіші Азияға бет бұрғанда түп-тамырымызды сақтап, бірлігімізді бекем ұстауға негіз болды.

Түркі өркениетін жаңғырту ең алдымен Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан басталады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Түркістан – барлық түркі халықтары үшін кастерлі қара шаңырақ, құтты мекен және аңсарлы атажұрт. Бабаларымыз осы өңірде осы жерде ғұлама ұстаз Қожа Ахмет Яссауиден діни білім алып, түркі ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі. Түркілер кіші Азияға бет бұрғанда түп-тамырымызды сақтап, бірлігімізді бекем ұстауға негіз болды. Біздің мақсатымыз – түркі әлемін XXI ғасырда маңызды экономикалық және мәдени-гуманитарлық кеңістіктің біріне айналдыру", - деді Тоқаев.  

Осыдан кейін мемлекет басшысы түркі тілдес елдердің басшыларын Түркістанды әлемге танытуға шақырды.

"Түркі өркениетін жаңғыртуды ең алдымен Яссауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамыз. Сол себепті бүгінгі саммит "Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы" деп аталып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласы түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болды", - деп атап өтті Тоқаев.

Тоқаевтың сөзінен кейін мемлекет басшыларына Түркістан туралы фильм көрсетілді. 

Айта кетейік, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитін Түркістан қаласында өткізу жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты іс-шараны онлайн режимде ұйымдастыруға шешім қабылданды. Ұйымға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан кіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары