$ 494.87  520.65  4.91

«Біртановтың денсаулығы сыр берді» — экс-министрдің адвокаты

Адвокаттың сөзінше, тергеу әрекеттері кезінде іс біржақты болып қалады, дейді.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді. Қазіргі таңда оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бұрынғы бас дәрігердің қорғаушысы Дмитрий Куряченко айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Сондай-ақ оны үй қамағында негізсіз ұстап отырғанына наразы.

Ол "Біртановтың ісіне" кедергі келтіру деп есептейді. Адвокаттың сөзінше, тергеу әрекеттері кезінде іс біржақты болып қалады, дейді. Яғни, тергеушілер Елжан Біртановты қудалаудың барлық себептерін қарастырып жатыр деген пікірде. Сондай-ақ ол экс-министрдің ақша жымқыру және ысырап ету фактісіне нақты дәлелдің жоғын алға тартты. Айта кетейін, Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылған болатын.

"Керісінше, оның кінәсіздігін растайтын фактілер жетерлік. Негізгі күдік хорватиялық "Эриксон Никола Тесла" компаниясының интеграцияланған Денсаулық сақтау платформасының жеткізушісі жасаған болжамдарға негізделген. Алайда, тіпті "EGOV" сайтында азаматтар анықтаған медициналық мекемелерде тіркеу туралы жақында болған жанжал платформаның жұмыс істеп тұрғанын растайды. Бас прокуратура Біртановты қорғаудың өтінішін қолдап, тергеу туралы "Эриксон Никола Тесланың" қатысуымен қайта сараптама тағайындады",  — Е. Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары